bs-preloader__icon
+7 705 315 68 15
+7 705 315 68 15
09/04/2020ж.

«DSFK (ДСФК) Арнайы Қаржы компаниясы» ЖШС (бұдан әрі - DSFK) (бұдан әрі - ТЖ) 2020 жылғы 16 наурызда сағат 08 сағаттан 00 минуттан бастап 2020 жылғы 15 сәуірде сағат 07 сағат 00 минутқа дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне (Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығы) және Алматы қаласының аумағында карантин режимінің енгізілуіне байланысты (Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м.а. Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізу туралы 2020 жылғы 8 наурыздағы № 8 қаулысы) 2020 жылғы 1-тоқсан үшін DСФK облигацияларын кері сатып алу Алматы қ. карантин режимі алынғаннан кейін, атап айтқанда  Алматы қаласындағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін олардың меншік нысанына қарамастан тоқтату түріндегі қосымша шектеу шаралары алынғаннан кейін келесі түрде жүргізілетінін хабарлайды:

  1. 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ДСФК Жалғыз қатысушысының облигацияларды сатып алу мерзімдері мен тәртібіне қатысты корпоративтік шешімі қабылданады;
  2. DSFK Жалғыз Қатысушысының жоғарыда 1-тармақта көрсетілген шешімі облигацияларды ұстаушыларға оны қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаларды жолдау жолымен және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында осындай шешім туралы ақпаратты орналастыру жолымен жеткізіледі.
  3. Жоғарыда 2-тармақта көрсетілгендей эмитентпен хабарлама жіберілген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде облигацияларды ұстаушы эмитенттің мекенжайына облигацияларды сатып алуға келісетіндігі туралы жазбаша хат жолдауға құқылы. Облигацияларды ұстаушының өтініші эмитентпен 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарастырылады.
  4.  Облигацияларды сатып алу облигацияларды ұстаушылардың жазбаша өтініштерін қарастыру мерзімі аяқталғаннан кейінгі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде облигацияларды ұстаушылардың ағымдағы банктік шоттарына төлеуге жататын соманы аудару жолымен жүзеге асырылады.