bs-preloader__icon
+7 705 315 68 15
+7 705 315 68 15
20 тамыз 2018ж.

«DSFK (ДСФК) арнайы қаржы компаниясы» ЖШС 2018 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша ДСФК 1 млрд теңге сомасына квазимемлекеттік компаниялардан облигацияларды кезекті мерзімнен бұрын кері сатып алуды жүзеге асырғанын хабарлайды. Осылайша, ДСФК «Bank RBK» АҚ-нан берілген, күмәнді портфель құрамына кірген несиені қайтару бойынша өз қызметі аясында облигация ұстаушыларына ақша қаражатын қайтаруды жалғастыруда. Жыл басынан облигациялар бойынша өтеудің жалпы көлемі 2,2 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 6 тамызында ДСФК Қадағалау кеңесін құру және оның мүшелерін сайлау туралы шешім қабылданғанын хабарлаймыз. Қадағалау кеңесіне ҚР Ұлттық Банкінен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-нан, «Қазагро» ҰБХ» АҚ-нан, «Bank RBK» АҚ-нан және ДСФК жалғыз қатысушысынан бір өкілден – бес адам кірді. Қадағалау кеңесі ДСФК облигация ұстаушыларының өкілдерімен жұмыс айқындығын қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру мақсатында құрылған.

«ДСФК өз облигацияларын шұғыл мерзімнен бұрын сатып алу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. Ағымдағы жылдың алғашқы екі тоқсанының қорытындысы бойынша біз 2,2 млрд теңге сомасындағы қағаздарды өтей алдық. Кері сатып алудың көлемін төмендетпеуге тырысамыз және қарқынды өсіреміз деген сенімдеміз, бұл облигация ұстаушыларына айтарлықтай соманы қайтаруға мүмкіндік береді», - деді «DSFK (ДСФК) арнайы қаржы компаниясы» ЖШС басқарма төрағасы Мади Мамбетов.

«Облигация ұстаушылардың өкілдері ретінде біз ДСФК мерзімнен бұрын қағазды өтеуді жалғастырғанын құптаймыз. Жарты жыл ішіндегі қайтарым көлемі келешекке сеніммен қарауға ықпал етеді және квазимемлекеттік компаниялардың алдындағы міндеттемелер орындалады дегенге сенім артуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқарма төрағасы Талгат Камаров.