bs-preloader__icon
+7 705 315 68 15
+7 705 315 68 15
23 cәуір 2018ж.

ДСФК облигация ұстаушыларға қаражаттың алғашқы қайтарымын жүзеге асырды

«DSFK (ДСФК) арнайы қаржы компаниясы» ЖШС 1,2 млрд теңге сомасына облигацияларды мерзімнен бұрын қайта сатып алғанын хабарлайды. Осылайша, ДСФК «Bank RBK» АҚ-нан тапсырылған, күмәнді портфель құрамына кірген несиелерді қайтару бойынша өзінің қызметі аясында облигация ұстаушылардың алдындағы алғашқы өтемін жүзеге асырды.

ДСФК компаниясы Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «КазАгро» ҰБХ» АҚ, және «Қазақмыс» Топтық компаниясы арасында 2017 жылдың 7 қазандағы жасалған, көптарапты Негіздемелік келісім шарттары бойынша құрылды деп хабарланған болатын.

2017 жылдың желтоқсан айының соңында Bank RBK ДСФК-ға 603 млрд теңге сомасына күмәнді активтерді, сондай-ақ  335 млрд теңге сомасына квазимемлекеттік компаниялар және Ұлттық Банк алдында міндеттемелерді тапсырды. Өз кезегінде, ДСФК 335 млрд теңге сомасына облигациялар шығарды, оларды квазимемлекеттік компаниялар және Ұлттық Банкі сатып алған болатын. Қазіргі уақытта ДСФК облигация ұстаушылар пайдасына өтемді қамтамасыз ету мақсатында тапсырылған берешекті өндіріп алу бойынша жұмысты жүзеге асыруда.

«Бүгін біз ДСФК жұмысының алғашқы нәтижесі - 1,2 млрд теңге сомасына облигацияларды қайта сатып алу туралы хабарлаймыз. Айта кететін жайт, облигациялардың өтемі – бұл тек біздің компания қызметінің көзге көрінетін бөлігі ғана. ДСФК командасы Bank RBK бірігіп, бізге тапсырылған портфельмен күнделікті тыңғылықты жұмыс жүргізеді және бірінші мерзімнен бұрын өтем  - күмәнді берешекті қайтару бойынша біздің қолданып жатқан шаралар тиімділігінің айғағы», - деді «DSFK (ДСФК) арнайы қаржы компаниясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Мади Мамбетов.

«ДСФК-ға осы компаниямен шығарылған облигацияларды өтеу үшін қажет болған ең қысқа мерзім, оның қызметінің жоғары тиімділігін білдіреді. Осыған байланысты біз «DSFK (ДСФК) арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-мен қызметтестіктің келешегіне үмітпен қараймыз және онымен облигация ұстаушылардың алдында өзінің міндеттерін орындау толық көлемде жүзеге асырылады деген үміттеміз», – деп атап өтті «Сентрас Секьюритиз» АҚ Басқарма Төрағасы Талгат Камаров.