bs-preloader__icon
+7 705 315 68 15
+7 705 315 68 15
23 АКПАН 2018ж.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Специальная финансовая компания DSFK (ДСФК) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің облигацияларын ұстаушыларының жалпы жиналысын өткізу туралы

ҚР 2003 жылғы 2 шілдесіндегі № 461-II «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының 18-2 бабының 3 т. сәйкес, 2018 жылдың «20» наурызында Астана уақыты бойынша 11 сағ. 00 минутта Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Республика алаңы, 15, конференц-зал мекенжайы бойынша келесі күн тәртібімен «Специальная финансовая компания DSFK (ДСФК)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «ДСФК») облигацияларын ұстаушыларының жалпы жиналысы өтетіндігі жөнінде Сізге хабарлаймыз:

1. «Специальная финансовая компания DSFK (ДСФК)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің облигациялары шығарылымының проспектісіндегі мәліметтерді өзгерту.

2. «Специальная финансовая компания DSFK (ДСФК)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бақылау кеңесіне қосу үшін облигация ұстаушылардың мүддесіне өкілдік ететін тұлғаларды сайлау.

Жалпы жиналыстың күн тәртібінің сұрақтары бойынша материалдар облигация ұстаушылардың танысуы үшін Қазақстан Республикасы, A15X3C7, Алматы қ., Республика алаңы, 15, 223 кабинет мекенжайы бойынша Жиналыс өту күніне дейін 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын қолжетімді болады, ал Облигация ұстаушылардың сұранысы болған жағдайда – сұрау алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оған жіберіледі. Материал алуға сұраныстарды жоғарыда көрсетілген ДСФК мекенжайы бойынша, ал көшірмесін dsfk2@bankrbk.kz электронды мекенжайына жіберу қажет.

Жиналыс ашылғанға дейін 2018 жылдың 20 наурызында Жиналыс өту орнында сағ. 10:00 бастап 10:50 дейін облигация ұстаушыларының тіркеуі жүргізіледі. Облигация ұстаушысында/облигация ұстаушысының өкілінде жеке басын куәландыратын құжат және облигация ұстаушысының өкілінің Жиналысқа және дауыс беруге қатысуға уәкілеттігін растайтын құжат болуы қажет (Жиналыста облигация ұстаушысының мүддесіне өкілдік еткен жағдайда). Тіркеуден өтпеген облигация ұстаушысы (облигация ұстаушысының өкілі) кворум анықтаған кезде ескерілмейді және дауыс беруге құқығы болмайды.

Кворум болмаған жағдайда, жиналыс 2018 жылдың 26 наурызында (Астана уақыты бойынша) (11 сағ. 00 минут) қайта жиналыстың өткізілу орнында, өткізілмеген жиналыстың күн тәртібімен өткізіледі. Қайта жиналыс ашылғанға дейін 2018 жылдың 26 наурызында Жиналыс өту орнында сағ. 10:00 бастап 10:50 дейін облигация ұстаушыларының тіркеуі жүргізіледі.

Директор М.С. Мамбетов

Байланыс тұлғасы:

Директор орынбасары Т.Г. Шарипов

Тел. +7 701 7208528

ТОО «Специальная финансовая компания DSFK (ДСФК)»