bs-preloader__icon
+7 705 315 68 15
+7 705 315 68 15
21 қантар 2019ж.

 

ХАБАРЛАМА

«DSFK (ДСФК) Арнайы қаржы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ДСФК), 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-II ҚР «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының 18-2 бабының 3 т., «DSFK (ДСФК) АҚК» ЖШС жалғыз қатысушысы – «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқару кеңесінің 2018 ж. 23 сәуірдегі шешімімен бекітілген ДСФК Облигациялары ұстаушыларының жалпы жиналысын өткізу Регламентінің 15 бабына сәйкес, ДСФК Атқару органының бастамасымен ДСФК Облигациялары ұстаушыларының жалпы жиналысы шақыртылатындығын хабарлайды (бұдан әрі - Жиналыс), ол отырыс өткізусіз сырттай дауыс беру арқылы 2019 жылдың «11» ақпанда өткізіледі. Жиналыстың күн тәртібі келесідей:

  1. «DSFK (ДСФК) Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС облигациялар шығару Аңдатпасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  2. «LeaderInvestCompany» ЖШС және «Арнайы қаржы компаниясы ДСФК (DSFK)» ЖШС арасындағы 24.09.2018ж бағалы қағаздарды сату-сатып алу № L24/09/18D келісімшартына сәйкес, «Арнайы қаржы компаниясы ДСФК (DSFK)» ЖШС алдындағы қарызын өтеу кезінде 4 489 600 000 теңге сомасында өзара ақшалай міндеттемелерді есепке алуды мақұлдау.

 

Купондық облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының отырысын өткізусіз сырттай дауыс беру үшін бюллетеньдерді ұсынудың соңғы күні:

2019 жыл 11 ақпан, жергілікті уақыт бойынша 10 00 -де.

Купондық облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының отырысын өткізусіз сырттай дауыс беру үшін дауыс санау күні:

2019 жыл 11 ақпан, жергілікті уақыт бойынша 10 05 тен  12 00 –ге дейін

 

            Сырттай дауыс беру нәтижелерімен бюллетендерді ДСФК Атқарушы органының орналасқан орнына, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Республика Алаңы к-сі, 15 үй, 1664 каб. (Б.С. Укубасоваға) мекен-жайы бойынша жөнелту қажет.

             Жалпы жиналыстың Ережесінің 10-бабының 10.3-тармағына сәйкес облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібі туралы материалдар материалдарға сұрату түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей DSFK ұстаушыларына жіберіледі. Жалпы жиналыс күн тәртібінің материалдарының көшірмелері 2019 жылдың 18 қаңтарында электрондық байланыс арқылы жіберілді.

ДСФК Облигациялары ұстаушыларының жалпы жиналысының күн тәртібі бойынша қандай да бір сұрақтар туындаса, ДСФК Басқарма Төрағасы Т.Г. Шариповқа (timur.sharipov@dsfk.kz, +77017208528) немесе ДСФК корпоративтік хатшысы Б.С. Укубасоваға (botagoz.ukubasova@dsfk.kz, +77015257925) хабарласуыңызды сұраймыз.