ХАБАРЛАНДЫРУ
DSFK (ДСФК) арнайы қаржы компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «ДСФК») «02.03.2018 жылы ДСФК жалғыз қатысушысының уәкілетті органы - «Қазақмыс Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Облигация ұстаушылардан 1,200,000,000 (бір миллиард екі жүз миллион) теңге жалпы сомасына Облигацияларды ішінара кері сатып алу туралы (бұдан әрі – «Кері сатып алу») шешім қабылдағаны жөнінде хабарлайды.
Кері сатып алу сатып алынатын Облигациялардың тиісті атаулы құнына сәйкес келетін баға бойынша және пропорционалды негізде, Кері сатып алу күнгі жинақталған сыйақыны ескере отырып, жүзеге асырылатын болады.
Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде, ДСФК Облигациялар ұстаушыларына Кері сатып алуға қатысуға және ДСФК пайдасына Облигацияларды сатуға ұсыныс жасайды.
Сіздің тарапыңыздан оң жауап болған жағдайда, осы хабарлама жөнелтілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей, белгіленген нысан бойынша толтырылған, Кері сатып алуға қатысуға тиісті өтінішіңізді (келісім) ДСФК-на жіберуді сұраймыз (бұдан әрі – «Өтініш»).
Өтінішке уәкілетті тұлға қол қоюы қажет және Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Республика Алаңы к-сі, 15, 1664 каб. мекенжайы бойынша Директор орынбасары Тимур Шариповқа пошта бойынша жөнелтілуі немесе қолма қол жеткізілуі қажет.
Егер Өтініш желімделіп бекітілген түрде берілетін болса, онда конвертте «ОБЛИГАЦИЯНЫ САТЫП АЛУҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ (КЕЛІСІМ)» белгісі болуы тиіс. Қажетті мәліметтері жоқ немесе белгіленген мерзімнен кешіктіріліп берілген Өтініштер қабылданған болып саналмайды.
ДСФК Өтінішті қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарастырады.
Облигациялардың төлемі Өтініш алынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, Өтініште көрсетілген деректемелер бойынша төлемге тиесілі соманы аудару арқылы жүзеге асырылады.
Облигацияның әр ұстаушысы Өтініште көрсеткен шотқа ДСФК-нан ақша келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, сатып алынатын Облигацияға меншік құқығының ДСФК-на өтуін тіркеумен байланысты барлық қажетті әрекеттерді жүзеге асыруға міндетті («Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-на барлық қажетті бұйрықтарды ұсынуға және дереу бұл туралы ДСФК-на хабарлауға).
Облигация ұстаушыларына ыңғайлы болу үшін Бұйрық нысаны БҚБТ www.tisr.kz веб-сайтына орналастырылған.
Кері сатып алуға қатысудан бас тартқан немесе жоғарыда аталған мерзімде және тәртіппен Өтініш берілмеген жағдайда, Сіздің Облигацияларыңызды сатып алуға арналған ақша қаражаты келесі Кері сатып алу жүзеге асырылатын жалпы сомаға бағытталатын болады.
Облигациялардың әр ұстаушысы рұқсатнамаларды, мақұлдауларды уақытылы алу және өз Облигацияларын сату иеліктен шығару үшін қажетті өзге әрекеттерді жүзеге асыру үшін (оған қоса, Облигацияларды есептен шығару және есепке алу үшін талап етілетін құжаттарды және мәліметтерді БҚБТ-не ұсынуға), сонымен қатар кез келген комиссияларды, алымдарды және салықтары, оған қоса БҚБТ қызмет ақысын төлеу үшін өз бетімен жауап береді.
Осы хабарландырумен байланысты сұрақтар туындаған жағдайда немесе қосымша ақпарат алу және хабарландыруда көрсетілген құжаттарды (оның ішінле Өтініш үлгісін) алу қажет болған кезде +7 701 7208528 телефоны бойынша және dsfk2@bankrbk.kz электронды поштасы бойынша ДСФК Директорының орынбасары Тимур Шариповқа хабарласуды сұраймыз.