DSFK (DSFK) арнайы қаржы компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ҚР Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңының 18-2-бабың 5-тармағына сәйкес 2018 жылғы 20 наурызда өткен купондық облигация ұстаушыларының жалпы жиналысында қабылданған шешімдер туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібіне өзгеріс енгізу және Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы Облигация ұстаушылар келесі шешім қабылдады: Жиналыстың күн тәртібі өзгертілсін және Жиналыстың күн тәртібі келесі редакцияда бекітілсін:
ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:
1. Бөлінген активтердің кепілдік қамсыздандыруын ауыстыруды мақұлдау.
2. Облигацияларды борышкерлердің кепілдік мүлігіне алмастыру бойынша мәміле жасау механизмін талқылау.
3. «DSFK (ДСФК) арнайы қаржы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бақылау кеңесіне енгізу үшін облигация ұстаушылардың мүддесіне өкілдік ететін тұлғаларды сайлау.