bs-preloader__icon
+7 705 315 68 15
+7 705 315 68 15
18 қаңтар 2022 ж.

Осымен "DSFK (ДСФК) арнайы қаржы компаниясы" ЖШС (бұдан әрі– «ДСФК»), Алматы қаласының аумағында және Қазақстан Республикасының бірқатар өңірлерінде 2022 жылғы 05 қаңтардан бастап 2022 жылғы 19 қаңтарға дейінгі кезеңде төтенше жағдайдың (бұдан әрі – "ТЖ") енгізілуіне ("Алматы қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 05.01.2022 жылғы Жарлығы) және Алматы қаласының аумағында карантин режимінің енгізілуіне байланысты (Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы "Алматы қ. аумағында карантин режимін енгізу туралы" №1 қаулысы) 2022 жылдың 1 тоқсанында ДСФК облигацияларын кері сатып алу Алматы қаласында ТЖ режимі жойылғаннан кейін мынадай түрде жүзеге асырылатыны туралы хабарлайды:

  1. ТЖ режимі жойылғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде облигацияларды сатып алу мерзімдері мен тәртібіне қатысты ДСФК жалғыз қатысушысының корпоративтік шешімі қабылданатын болады;
  2. DSFK Жалғыз Қатысушысының жоғарыда 1-тармақта көрсетілген шешімі облигацияларды ұстаушыларға оны қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаларды жолдау жолымен және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында осындай шешім туралы ақпаратты орналастыру жолымен жеткізіледі.
  3. Жоғарыда 2-тармақта көрсетілгендей эмитентпен хабарлама жіберілген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде облигацияларды ұстаушы эмитенттің мекенжайына облигацияларды сатып алуға келісетіндігі туралы жазбаша хат жолдауға құқылы. Облигацияларды ұстаушының өтініші эмитентпен 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарастырылады.
  4. Облигацияларды сатып алу облигацияларды ұстаушылардың жазбаша өтініштерін қарастыру мерзімі аяқталғаннан кейінгі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде облигацияларды ұстаушылардың ағымдағы банктік шоттарына төлеуге жататын соманы аудару жолымен жүзеге асырылады.