bs-preloader__icon
+7 705 315 68 15
+7 705 315 68 15
15 А0ПАН 2019Ж.

Осы арқылы, «DSFK арнайы қаржы компаниясы (ДАҚК)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі БСН 171140027348 (бұдан әрі – ДАҚК), ҚР  «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының 18-2 бабының 5 тармағына сәйкес, 2019 жылғы 11 ақпандағы ДАҚК шығарылған және бөлінген активтермен қамтамасыз етілген купондық облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының есеп комиссиясының хаттамасының негізінде, 11 ақпан 2019 жылы Жиналыстың келесі күн тәртібімен купондық облигацияларды ұстаушылардың жиналысының отырысын жүргізбей, сырттай дауыс беру арқылы купондық облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өтті:

  1. «DSFK (ДАҚК) арнайы қаржы компаниясы» ЖШС облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
  2. «Leader Invest Company» ЖШС мен «ДАҚК (DSFK) арнайы қаржы компаниясы»  ЖШС арасында жасалған 24.09.2018 ж. № L24/09/18D бағалы қағаздарды сатып алу-сату шартына сәйкес «ДАҚК (DSFK) арнайы қаржы компаниясы» ЖШС алдындағы берешекті өтеу есебіне өзара ақшалай міндеттемелерді есепке алуды мақұлдау.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша купондық облигацияларды ұстаушылардың жиналысының отырысын жүргізбей, сырттай дауыс беру арқылы купондық облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы келесі ШЕШІМДЕРДІ қабылдады:

Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселесі бойынша:

1.     Осы Хаттамаға №1 қосымшаға сәйкес «DSFK (ДСФК) арнайы қаржы компаниясы» ЖШС облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгертулер  мен толықтырулар бекітілсін және енгізілсін;

2.     Серіктестіктің атқарушы органы осы шешімді орындауға байланысты барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.

Жиналыс күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

  1. "Leader Invest Company "ЖШС мен «ДАҚК (DSFK) арнайы қаржы компаниясы» ЖШС арасында жасалған 24.09.2018 ж. № L24/09/18D бағалы қағаздарды сатып алу-сату шартына сәйкес, «Бизнес Партнер Консалт» ЖШС 28.11.2018 ж. бағалау туралы есепке сәйкес құны бойынша 4 102 546 363 теңге сомаға «ДАҚК (DSFK) арнайы қаржы компаниясы» ЖШС алдындағы берешекті өтеу есебіне өзара ақшалай міндеттемелерді есепке жатқызу мақұлдансын. («Бизнес Партнер Консалт» ЖШС 28.11.2018 ж. №374/ALM бағалау туралы есебіне сәйкес 1 акция үшін 9 117 теңге есебінен 4 093 168 320 теңгені құрайтын 448 960 дана KZ1P35450116 артықшылықты акцияларының нарықтық құны бойынша «Leader Invest Company» ЖШС берешегін нақты есепке алған жағдайда).