bs-preloader__icon
+7 705 315 68 15
+7 705 315 68 15
13-08-2020ж.

«DSFK (ДСФК) Арнайы қаржы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ДСФК) осы хат арқылы 2020 жылғы «04» қыркүйекте купондық облигацияларды ұстаушылардың жиналысын өткізбей, сырттай дауыс беру арқылы купондық облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды. Жиналыс келесі күн тәртібінде өтеді:

«QAZAQ BETON» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің берешектің қалған бөлігін өз қаражаты есебінен 27,000,000 (жиырма жеті миллион) теңге мөлшерінде, Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-ның Облигацияларды шығару проспектісіне сәйкес ағымдағы берешек сомасынан 20 (жиырма) %-дан аспайтын, яғни 19,86%, 6 690 407,31 (алты миллион алты жүз тоқсан мың төрт жүз жеті) теңге 31 тиынды құрайтын мөлшерде негізгі берешек пен сыйақыға қатысты қарызды кейіннен дисконттау арқылы өтеуін мақұлдау».

Купондық облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізбестен сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді берудің соңғы күніі:

2020 ж. «04» қыркүйекте Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 14 сағат 00 минутта.

Купондық облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізбестен сырттай дауыс беру үшін дауыстарды санау күні:

2020 ж. «04» қыркүйекте Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 14 сағат 05 минуттан бастап 16 сағат 00 минутқа дейін.

​Жиналыстың күн тәртібі бойынша материалдармен танысуға арналған электронды жадыға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін байланысушы тұлғаның электрондық поштасын жіберуіңізді сұраймыз.

Жиналысты шақыру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының 18-2-бабының 3-тармағына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және ДСФК-ның ресми сайтында 12.08.2020 ж. жарияланды.