bs-preloader__icon
+7 705 315 68 15
+7 705 315 68 15
08 шiлде 2020ж.

«DSFK (ДСФК) арнайы қаржы компаниясы» ЖШС (бұдан әрі – «ДСФК») осы арқылы облигация ұстаушыларына 2020 жылғы 07.07-нде ДСФК-ның жалғыз қатысушысы, 2020 жылғы 1 және 2-тоқсан үшін жалпы сомасы 11 000,000,000 (он бір миллиард) теңге (бұдан әрі – «кері сатып алу») облигация ұстаушылардан ішінара кері сатып алу туралы шешім қабылданғанын хабарлайды.

Кері сатып алу Облигация ұстаушылары арасында пропорционалды негізде және Кері сатып алу күніне жинақталған сыйақыны ескере отырып, сатып алынатын Облигациялардың атаулы құнына сәйкес келетін бағамен жүзеге асырылады.

Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде, ДСФК Облигация ұстаушыларына Кері сатып алуға қатысуды және ДСФК пайдасына Облигация сатуды ұсынады.

Сіздің Оң шешім болған жағдайда, осы хабарламаны алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей, белгіленген үлгіде толтырылған, Кері сатып алуға қатысуға тиісті өтінішіңізді (келісім) (бұдан әрі – «Өтініш») ДСФК жіберуіңізді сұраймыз.

Өтінішке уәкілетті тұлға қол қоюы қажет және Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Республика Алаңы к-сі, 15 үй, 1 қабат, мекен-жайы бойынша ДСФК Бас бухгалтердің  Ашигалиева Алияның назарына поштамен жіберілуі немесе қолма қол жеткізілуі тиіс.

Егер Өтініш желімделген түрде берілсе, онда конвертте «ОБЛИГАЦИЯНЫ САТЫП АЛУҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ (КЕЛІСІМ)» белгісі болуы қажет. Қажетті мәліметтері жоқ немесе белгіленген мерзімнен кешіктіріліп берілген өтініштер қабылданған болып саналмайды.

ДСФК өтініштерді оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарастырады.

Облигация үшін төлем Өтінішті алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Өтініште көрсетілген деректемелер бойынша төлемге тиесілі соманы аудару арқылы жүзеге асырылады.

Облигациялардың әр ұстаушысы Өтініште көрсетілген Облигация ұстаушысының шотына ДСФК-ден ақша келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алынатын Облигацияның меншік құқығының ұстаушыдан ДСФК-ге өтуін тіркеумен байланысты барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті (оның ішінде барлық қажетті бұйрықтарды "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі"  АҚ-на беруге және шұғыл түрде бұл туралы ДСФК-ге хабарлауға).

Кері сатып алуға қатысудан бас тартқан немесе Өтінішті жоғарыда көрсетілген мерзімде және тәртіпте ұсынбаған жағдайда, Облигацияларды Сатып алу үшін арналған ақша қаражаты жалпы сомаға қосылатынын қосымша хабарлайды, оған келесі Сатып алу жүзеге асырылады.

Облигациялардың әр ұстаушысы рұқсаттар, мақұлдаулар және өз Облигацияларын иеліктен шығару үшін қажетті басқа іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы үшін (оған қоса, Облигацияларды есептен шығару және есепке алу үшін талап етілетін құжаттарды және мәліметтерді "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ  ұсынуды), сонымен қатар кез келген комиссияларды, алымдарды және салықтарды, оған қоса "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ қызмет ақысын төлеуді уақытылы жүзеге асыруы үшін өздігінен жауап береді.

Осы хабараламамен байланысты сұрақтар туындаған жағдайда немесе қосымша ақпарат немесе осы хабарламада көрсетілген құжаттарды алу қажет болған жағдайда (оған қоса Өтініш үлгісін), + 7 701 544 44 49 телефон нөмірі бойынша және aliya.ashigaliyeva@dsfk.kz электронды поштасы бойынша ДСФК Бас бухгалтері Ашигалиева Алияға, +7 701 525 79 25 телефон нөмірі бойынша және botagoz.ukubasova@dsfk.kz электронды поштасы бойынша ДСФК Корпоративтік хатшысы Укубасова Ботагозге хабарласуды, өзге сұрақтар бойынша +7701 720 85 28 телефон нөмірі бойынша және timur.sharipov@dsfk.kz электронды поштасы бойынша ДСФК Басқарма Төрағасының Орынбасары Шарипов Тимурға хабарласуды сұраймыз.