bs-preloader__icon
+7 705 315 68 15
+7 705 315 68 15
07 акпан 2023 ж.

«DSFK (ДСФК) Арнайы қаржы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ДСФК) осы хат арқылы 2023 жылғы «01» наурыз купондық облигацияларды ұстаушылардың жиналысын өткізбей, сырттай дауыс беру арқылы купондық облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды. Жиналыс келесі күн тәртібінде өтеді:

1. ДСФК-ның «Кор-Таж Мұнай» ЖШС-ге  1 860 829 000 (Бір миллиард сегіз жүз алпыс миллион үш жүз жиырма тоғыз мың) теңге құны бойынша мынадай шарттармен талап ету құқығын іске асыру туралы:

1.1. ДСФК-ның «Кор-Таж Мұнай» ЖШС-ге талап ету құқықтарын басқаға беру құны - 1 860 829 000 (Бір миллиард сегіз жүз алпыс миллион үш жүз жиырма тоғыз мың) теңгені құрайды, оның ішінде:

-  инвестордың ұсынысы - 1 000 000 000 (Бір миллиард) теңге;

-  кепілдікті қамтамасыз ету сомасы - 860 329 000 (Сегіз жүз алпыс миллион үш жүз жиырма тоғыз мың) теңге.  

1.2. Талап ету құқықтарын басқаға беру шартына қол қойылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде инвестор ұсынған соманы 1 000 000 000 (Бір миллиард) теңге мөлшерінде төлеу жолымен. Төлем ақшалай түрде жүзеге асырылуға тиіс;

1.3. Талап ету құқықтарын басқаға беру шартына қол қойылған күннен бастап 1 ай ішінде кепіл мүлкі үшін - 860 329 000 (Сегіз жүз алпыс миллион үш жүз жиырма тоғыз мың) теңге мөлшерінде ақы төлеу жолымен.

Купондық облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізбестен сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді берудің соңғы күніі:

2023 ж. «01» наурыз Астана қ. уақыты бойынша 14 сағат 00 минутта.

Купондық облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізбестен сырттай дауыс беру үшін дауыстарды санау күні:

2023 ж. «01» наурыз Астана қ. уақыты бойынша 14 сағат 05 минуттан бастап 16 сағат 00 минутқа дейін.

​Жиналыстың күн тәртібі бойынша материалдармен танысуға арналған электронды жадыға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін байланысушы тұлғаның электрондық поштасын жіберуіңізді сұраймыз.

Жиналысты шақыру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының 18-2-бабының 3-тармағына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және ДСФК-ның ресми сайтында 07.02.2023 ж. жарияланды.